Cан компонентті кейбір киелі ұғымдардың қалыптасу тарихынан
Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 120
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-21-29Кілт сөздер:
киелі сан, тұрақты тіркес, мақал-мәтел, наным-сенім тіліАңдатпа
Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі сан компонентті кейбір киелі
ұғымдардың қалыптасу тарихы қысқаша қарастырылады.
Киелі сандардың мағыналық-мәндік өрісі әр халықтың ұғым-түсініктеріне байланысты
қалыптасқанын олардың тілдеріндегі тұрақты тіркестерден көруге болатындығы сөз болады. Сан
атаулары фразеологиялық единица жасауда көп қолданылатыны, қазақ және ағылшын тілдеріндегі діни наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде тұрақты тіркестердің көп кездесетіндігі
жөнінде айтылады. Кейбір сандардың аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда қолданылатын тұрақты
тіркестерден кездесетіні көрсетіледі; адамның жас ерекшелігіне байланысты кейбір сандардың
маңыздылығын мысалдармен айқындайды. Киелі сандардың мағыналық-мәндік өрісі қазақ және
ағылшын тілдерінде салғастыру барысында ұқсастықтардан гөрі айырмашылықтардың басымдылығы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерден көруге болатыны мысалдармен талданады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




