«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы діни мотивтер
Қаралымдар: 180 / PDF жүктеулері: 179
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-15-20Кілт сөздер:
Ауыз әдебиеті, лиро-эпостық жыр, діни мотив, фольклор, эпикалық туындылар, адами қабілетАңдатпа
Қазақ фольклорында ауыз әдебиетінің қандай туындысы болмасын белгілі бір
деңгейде діни наным-сенімдермен байланысып жататындығы белгілі. Оның өзі сандаған ғасырлар
бойына халықтың ұлттық дәстүрімен үндесіп, арнайы қолданысқа айналған ислам дінінің қағидаларына тікелей қатысты. Діни мотивтердің көркем туындылардағы көрінісі шығарманың тартымдылығын, әсерлілігін арттырып тұратындығы ақиқат.
Діни мотивтердің аясында иман келтіру, жаратушыға жалбарыну, жаратушыдан бала тілеу,
ғайыптан хабар алу, ғажайып туу, құдіретті істер және тағы басқалары жатады. Бұлардың барлығы
бір ғана шығарманың бойынан кездеседі деп кесіп айтуға болмайды. Дегенмен, жаратушыға жалбарыну, бала тілеу тәрізді тағы басқа мотивтердің жиі ұшырасатындығын жоққа шығара алмаймыз.
Бір ғана жалбарыну мотивінің өзінде сан-салалы қолданыстың жатқандығын аңғарамыз. Кейбір
шығармаларда қорқынышты құбылыстардан құтқару үшін жалбарынса, енді бірінде жеңіске жету
үшін немесе көзделген мақсатқа жету үшін жалбарынулар болады. Бұл мақалада осындай мотивтерді басшылыққа ала отырып, олардың маңызы мен көркем әдебиетте алатын орнын айқындауға
айрықша көңіл бөлінген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




