Әшекей бұйым атауларының сөзжасамдық сипаты
Қаралымдар: 351 / PDF жүктеулері: 571
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-100-110Кілт сөздер:
сөзжасам, лингвистикалық талдау, рухани және материалдық мәдениет, аталым, этимологияАңдатпа
Әшекей бұйымдар – бұл ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан, бізге атадан балаға мұра етіп қалдырылған ұлттық өнер туындысы, дәстүрлі және халықтық өнердің сарқылмас көзі. Халық қолөнері қандай болмасын оның тарихы әлеуметтік құрылымымен, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен өрілген.
Зергерлік бұйымдар – бойында көркем образдардың өзіндік ерекшелігін мұқият сақтаған жәдігер және қанша ғасыр өткеніне қарамастан, ол ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп келеді. Бұл өнер біздің ұлттық мәдениетімізде ерекше құндылықтар болып қана қоймайды, сонымен қатар бір жағынан, тіліміздің бай лексикалық қорынан орын алады. Екінші жағынан-рухани, философиялық, эстетикалық көзқарастар көрсеткіші ретінде өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық шығармашылығын, дәстүрлерді меңгеруде өте маңызды. Біздің ұлттық мәдениетіміздегі қолданбалы өнер халқымыздың тарихының, оның ұлттық бірегейлігінің, дүниетанымының үйлесімді дамуын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты – зергерлік бұйым атауларының сөзжасамдық сипатын ашу. Мақалада осы мақсатқа сай талдау жасалады, соның негізінде зергерлік бұйымға қатысты аталымдардың көпшілігі аналитикалық тәсіл арқылы жасалғаны дәйектеледі. Біздің тілімізде кейбір әшекей атаулары сирек қолданылатындықтан көнерген сөздер қатарынан орын алатын жағдайлар бар, кейде олардың мағынасын тек мәтін шеңберінде түсінуге болады. Сондықтан сәндік бұйым атауларына лингвистикалық талдаулар жасаудың маңызы зор екендігі айтылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




