Тілдік санадағы биологиялық уақыт (тарихи жырлар негізінде)
Қаралымдар: 280 / PDF жүктеулері: 230
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-80-88Кілт сөздер:
концепт, когнитивтік лингвистика, уақыт, биологиялық уақыт, таным, мәтін, фольклорАңдатпа
Мақалада фольклор жанры, оның ішінде тарихи жырлардың тілін антропоөзектік бағытта зерттеу негізге алынды. Тарихи жырлардың тілін когнитивтік аспектіде қарастыру арқылы ұлтымыздың болмысын тануға болады. Себебі тарихи жырлар ұлт тарихынан, сол кезеңдегі маңызды оқиғалардан ақпарат береді.
Мақаланың мақсаты – тарихи жыр мәтіндері негізінде «биологиялық уақыт» көрінісін анықтау. Мақаламызда «уақыт» концептісінің биологиялық көрінісін айқындауда тарихи жыр мәтіндерінен алынған тілдік бірліктерге талдау жасалды. «Уақыт» ұғымының тарихи жырлардағы көрінісі талқыланды. Жұмыста биологиялық уақыт көрінісін зерттеушілердің теориялық мәліметтеріне сүйене отырып, тарихи жырларда берілуі жолдары айқындалды. Аталмыш уақыт ұғымын беруде жыр кейіпкерлерінің, яғни батырдың өмірге келуі, ер жетіп, жауға аттануы, хан болуы секілді сызықтық уақыт сипаты көрініс тапты. Жастық/кәрілік лексикондары антонимдік қатынасты білдіріп, бірі өмірдің бастауы (жастық) болса, енді бірі (кәрілік) өмірдің шегі ретінде алынды. Сонымен қатар тарихи жырдағы батырлар, билер үшін жастық шақ өміріндегі ең маңызды кезең екені анықталды. Тарихи жырдағы уақыт та ұлттық таным-түсінігімізбен ұштасып жатқаны байқалды. Мақалада биологиялық уақыт сипаты балалық шақ, жастық шақ, ағалық шақ, қарттық шақ деген кезеңдерге бөлініп қарастырылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




