Cинтаксистік-семантикалық белгіленім жасаудың алғы шарттары
Қаралымдар: 360 / PDF жүктеулері: 317
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-8-21Кілт сөздер:
цифрландыру саясаты, тіл корпусы, Лейпциг ережесі, глостау, морфологиялық тег, шартты белгілер, синтаксистік-семантикалық белгіленім, заманауи лингвистикалық зерттеулерАңдатпа
Мақалада еліміздің цифрландыру саясатына орай әзірленіп жатқан қазақ тілінің корпустарын одан әрі жетілдіру, оны лингвистикалық зерттеулерде, оқыту үдерісінде және т.б. мақсатта пайдалану үшін халықаралық Лейпциг ережесіне негізделген морфологиялық глостаудың шартты белгілерінің тізімін жасап, ресми түрде бекітудің қажеттілігі сөз болады. Қазақ тілі корпустарында және отандық компьютер лингвистикасы саласында пайдаланылып жүрген лингвистикалық метабелгілердің қолданысына талдау жасалады. Сонымен қатар төркіндес және т.б. тілдердің де осы бағыттағы еңбектері назарға ілініп, ондағы шартты белгілер мен белгіленімдердің сипаты мен ерекшелігі көрсетіледі. Морфологиялық глостауда қолданылатын шартты белгілер қазақ тілінің синтаксистік-семантикалық белгіленіммен жарақталған корпусын құруға негіз бола алады. Мұндай шартты белгілер ана тілімізді тірек тіл ретінде басқа тілдермен салғастыра немесе салыстыра зерттеуде тілдік материалдарды қысқа әрі көрнекілік нұсқада ұсынуға, грамматикалық белгілерін сипаттап жазуға, мәтіндік деректерді компьютерде өңдеуге; ІТ-технологияларды, әзірленген корпустарды пайдалана отырып лингвистикалық замануи зерттеулер жүргізуге жаңа мүмкіндіктер береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




