Әлемнің мәдени бейнесіндегі Шығыс және Батыс кеңістігі (лингвомәдениеттанымдық тәжірибе)
Қаралымдар: 294 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-135-148Кілт сөздер:
антропологиялық лингвистика, мәдениетаралық коммуникация, әлемнің мәдени бейнесі, Шығыс және Батыс мәдени кеңістігі, лингвомәдениеттанымдық тәжірибеАңдатпа
Мәдениетаралық коммуникация кеңістігін қарастырудағы өзекті нысанның бірі – әлем
бейнесі, оның ішінде әлемнің мәдени бейнесі мәселесі. Мақалада Шығыс және Батыс әлемінің мәдени
бейнесін лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан қарастырып, білімгерлер көзімен екі өркениеттің мәдени
картасын жасау діттелді. Мәдени картаны жасақтау барысында білімгерлер арасында үш тақырып бойынша лингвомәдениеттанымдық тәжірибе жүргізілді. Әр тақырып нысанына қатысты 5-10 сөз көлемінде мысал келтіріліп, екі мәдени кеңістік тілдік-мәдени қырынан интерпретацияланды. Лингвомәдениеттанымдық тәжірибе 2011-2012, 2013-2014 және 2016-2017 оқу жылдары Филология факультетінде
жүргізілді.
Әлемнің мәдени бейнесіндегі Шығыс және Батыс диалогын бірлікте қарастыру, лингвомәдени картасын жасау мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелерін тереңірек ашуды көздейді.
Шығыс және Батыс мәдени кеңістігіне тілдік саяхат жасау арқылы қазақ елі жастарының мәдени-танымдық стеоротиптерін анықтауға, ұлттардың дүниетанымы мен мәдениетін, әсіресе, ұлттық құндылықтарды тереңірек тануларына жол ашуға мүмкіндік туады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




