Ақын Сәбит Дөнентайұлының мысал өлеңдері
Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 91
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-128-134Кілт сөздер:
Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығы, мысал жанры, ұлттық менталитет, көркемдік ізденістері, идеялық-тақырыптық аспектісіАңдатпа
ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің айтулы өкілі Сәбит Дөнентайұлының шығармашылығы мен әдеби мұрасы әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Соның ішінде ояну дәуірінің
рухында отаршылдық саясатты айыптаған саяси-әлеуметтік лирикасы, патшалық қысымдағы елдік
тақырыптарды батыл көтерген мақалалары қазіргі әдебиеттануда жаңаша танымда саралануы қажет.
Ақынның мысал өлеңдері де тереңірек талдауды қажет ететін маңызды тақырып. Мақалада С.Дөнентайұлының қазақ сөз өнеріндегі мысал жанрын дамытудағы көркемдік ізденістері сараланады. Мысал өлеңдерінің тақырыптық-идеялық өзегі екшеледі. Заман қайшылығына, дәуір шындығына мысал жанрында
үңілуінің ақындық ерекшеліктеріне баға беріледі. Сатиралық жанрдағы өлеңдерінің адам бойындағы
жағымсыз мінездерін сын тезіне салып, заман ақиқатын суреттеудегі қалам қарымы талданады. Мысал
өлеңдеріндегі жемқорлар мен шен-шекпенге құл болған жетесіздерді шенеп, уытты мысқылға алынуының өмірлік тағылымы бүгіндері де өзектілігін жойғаны жоқ.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




