Фольклорлық жанрлар мәтінінің бастапқы және аяққы шендері
Қаралымдар: 246 / PDF жүктеулері: 179
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-116-124Кілт сөздер:
тұрғы, бастапқы шен, аяққы шен, мәтін, фольклорлық мәтін, фольклорлық жанр, формулалылықАңдатпа
Мақалада қазақ ауыз әдебиеті жанрлары мәтіндерінің бастапқы және аяққы позицияларының ерекшеліктері лингвофольклортану тұрғысынан талданады. Фольклорлық мәтіндердің бастапқы және аяққы шендерінің жалпы мәтіндегі функциялары баяндалады.
Фольклорлық жанрлардың белгілі бір синтаксистік формулалармен басталып, солайша аяқталуы типтік құбылысқа жатады. Фольклортану ғылымы мұны жаттанды нәрседей қабылдайды. Алайда
бұл позицияларды лингвофольклортану тұрғысынан қарағанда біраз жайттардың мәні ашылады, бастапқы және аяққы шендердің функциялары анықталады, олар: мәтіннің басталуының белгілері, баяндау
барысына өту амалы, тақырып пен негізгі идеяны байланыстыру, сюжет пен мәтіннің субъективтік модальділігінің байланысын орнату, оқиғаны түйіндеу, ғибрат беру, мәтінді декодтауға ықпал ету.
Сонымен қатар бұл позициялардың прагматикалық мәні зор, ол оқырманды оқиғаға кірістіруінен, ақпаратқа қызықтыру, тарту, шығармаға ерекше көңіл аудартудан, коммуникативтік ахуалды модельдеуден, белгі беру немесе мәтін бөліктерін межелеуден, оқырманға эстетикалық әсер беруінен,
мәтінде жалпы тартымды сарын туғызудан, оқырманға ерекше зейін қойғызу және оны қызықтыруынан
көрінеді. Осы жайттардың бәрінің лингвистикалық бірліктермен берілу жолдары бар. Ол жолдар фольклорлық жанрлардың әр жанрында әртүрлі. Мақала «Қазақ фольклорын тілдік-жанрлық зерттеу» ғылыми жобасының шегінде жазылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




