«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы сапалық сын есімдердің семантикасы
Қаралымдар: 230 / PDF жүктеулері: 110
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-125-4-108-114Кілт сөздер:
семантика, семантика, сема, сема, когнитивтік-дискурстық, когнитивтік-дискурстық, синкретті, синкретті, адъективті, адъективті, концептуалдық, концептуалдық, субстанция, субстанция, дериват, дериватАңдатпа
Фольклор тілін лингвистикалық тұрғыда зерттеу ғылымдар тоғысында қалыптасқан лингвофольклортану саласының маңызды міндеттерінің бірі болып танылады. Мақалада
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы сапалық сын есімдердің семантикалық ерекшеліктері талданып, фольклордың семантикалық кеңістігіндегі мағынасы мен қолданысы қарастырылады.
Фольклорлық мәтіндерде қолданысы мен мағынасы жағынан ерекшеленетін сөз таптарының бірі – сын есімдер. Сын есімнің мағыналық бір түрі – сапалық сын есімдердің фольклор мәтіндеріндегі семантикалық жүгі олардың семантикалық құрылымындағы компоненттер (семалары)
арқылы анықталады.
Ауыз әдебиеті жанрлары, оның ішінде лиро-эпостық мәтіндерде сын есімдер жиі қолданылып, аса маңызды семантикалық сипатқа ие болады. Сонымен қатар дүниенің фольклордағы
бейнесін жасауда ерекше рөл атқарып, ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің фольклордағы өкілі қызметін атқарады. Осыған байланысты сапа сындарының фольклор тіліндегі семантикасын зерттеу
барысында фольклор семантикасына қатысты бірқатар маңызды мәселелер анықталады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




