Әдеби білім беру үдерісінде филолог-студенттердің интеллектуалдық құзіреттілігін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 36
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-125-4-70-76Кілт сөздер:
интеллект, құзіреттілік, әлеует (потенциал), білім, білік, дағдыАңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісінің нәтижесі ретінде
студенттердің интеллектуалдық құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың жолдары қарастырылады. Интеллектуалдық ұғымының негізінен психология ғылымына тән категория ретіндегі
ерекшеліктері мен оның білім берудің нәтижесі тұрғысындағы маңызы да жан-жақты сараланады.
Маманның белгілі бір пән саласы бойынша игерген білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде
интеллектуалдық әлеуеттің қоғамдық қызметі, жеке тұлғаның кәсіби жетістіктері мен еңбекте атқаратын қызметі мен мәні де зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып қарастырылады.
Интеллектуалды құзіреттілікті тұлғаның интеллектуалдық жағынан кемелденуін білдіретін
көрсеткіші ретінде қарастыру оның жоғарғы мектептегі білім беру кеңістігінде болашақ маманның
алған білімінің нақты нәтижесі деп санаумен пара пар. Мақалада осы аталған мәселелер ғылыми
тұрғыдан шешімін табады.