Түбі бір түркі терминдері
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 43
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-129-136Кілт сөздер:
түркі тілдері, термин, терминологиялық қор, қолданысқа енген жаңа терминдер, ортақ қолданыстағы сөздер, термин алмасуАңдатпа
Мақалада терминологиялық қордың өзгеріске бейім тілдік құбылыс екендігі қарастырылған. Ғылымның дамуы жаңа терминдер тасқынын күшейтеді. Жаңа терминге балама табылмаған жағдайда тілде термин алмасу жүзеге асады. Ол – объективті заңдылық. Термин алмасуды
болдырмау мүмкін емес, тек ол орынды жүзеге асуы керек. Термин алмасу тілде бар заңды құбылыс. Ұғымдардың термин ретінде қабылдануы, қолданылуы үшін кең таралуы, ортақ қолданыстың болуы шарт. Түркі тілдері тәжірибесін негізге алып, терминдердің ортақтығын салыстырып
жаңа термин жасауда пайдалану керек.
Терминология саласында жүргізіліп отырған тілдік саясат мемлекетті нығайту, мемлкеттік
тілдің қоғамдық қызметін арттыру міндеттерін жүзеге асырудағы басымдықтардың біріне жатады.