Кірме сөз мәселелерін зерттеудегі интегративтік тәсілдер
Қаралымдар: 204 / PDF жүктеулері: 131
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-108-118Кілт сөздер:
лингвистикалық контактология, кірме сөз, этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкологияАңдатпа
Халықаралық байланыстардың негізінде тіларалық қатынастардың күшейетіндігін ескерсек, оның негізгі индикаторларының біріне, сөз жоқ, кірме сөздер жатады. Кез келген тілдің сөздік қоры, бір жағынан, сол тілдің өз мүмкіндіктерін саралап пайдалану, іштен түлеу жолымен
дамып, молайып отыратын болса, екінші жағынан, өзге тілдерден кірме сөздерді қабылдау арқылы
толығады. Кез келген тілдің лексикалық қорына, салалық терминологиялық қабатының қалыптасуына қатысты мәселелерді басқа ғылымдармен (этнология, психология, әлеуметтану, мәдениеттану т.б.) байланыста зерттегенде ғана нәтиже бермек. Интеграциялық тәсіл бойынша зерттеуді қажет
ететін тіл біліміндегі аса маңызды тақырыптар қатарына кірме сөз мәселесі жатады. Мақалада кірме лексемалардың теориялық және методологиялық негіздері лингвистикалық контактологияның
интегративтік тәсілдерге (этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология) сәйкес кешенді түрде анықталды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




