Прецедентті есімдер: фольклордың ықпалы және әлем мәдени кеңістігіндегі орны (неміс тілі материалы негізінде)
Қаралымдар: 261 / PDF жүктеулері: 91
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-93-98Кілт сөздер:
ұлттық-прецедентті феномен, интермәтін, мәдени кеңістік, аялық білімАңдатпа
Мақалада прецедентті феномен ұлттық мәдениеттен ақпарат беретін тілдік бірлік
ретінде қарастырылды. Прецедентті мәтіннің мәтін түзуші тілдік таңба ретінде нақты бір ұлт мәдениетінде алатын орны, оның қалыптасып, тілдік санада бекіп қалу үрдісі, прецедентті мәтіндердің
нақты бір мәдени қауымдастықтың тілдік санасынан өзге басқа да мәдени кеңістік өкілдерінің тілдік санасына орныға алу қабілеті сөз болды. Оның ішінде прецедентті есімдер мазмұны талданды.
Қазіргі таңда прецедентті жалқы есімдер семантикасының дамуы концептуалдану үрдісінің
маңызды бөлігіне айналып, әлемнің ұлттық тілдік бейнесін анықтау барысында бағалау/бағамдау
тәрізді өзіндік қызмет атқарады. Осы себепті прецедентті ЖЕ қазіргі лингвистикалық зерттеулерде
танымдық әлеуетке ие феномендердің мәдени-спецификалық табиғатын қарастыратын зерттеу аймағына жатады. Прецедентті жалқы есімге танылған ұлттық түсінік тіл мен ойлау, тіл мен мәдениет
арақатынас байланысы бойынша зерттеулер үшін де маңызды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




