Жамбылдың жыршылық өнері: қалыптасуы мен ерекшелігі
Қаралымдар: 241 / PDF жүктеулері: 121
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-53-60Кілт сөздер:
отансүйгіштік, ұрпақ, адамгершілік, еңбек, ерлік, серт, ақиқат, жауапкершілікАңдатпа
Мақалада қазақ әдебиеті тарихындағы жыршылық пен ақындық өнердің хас шебері саналатын, қазақ поэзиясының алып бәйтерегі Ж.Жабаевтың жыршылық өнерінің қалыптасуы
жан-жақты қарастырылған. Жамбыл – өз дәуірі мен қоғамының өмір шындығын отты тілімен шебер суреттей білген суырыпсалма ұлы ақын. Оның поэзиясы қазақ халқының сол тарихи кезеңдегі
басынан кешкен ауыр тауқыметіне арнаған жырлар легінен тұрады.
Мақалада алдымен қазақ дәстүріндегі жыршылық өнердің қалыптасу тарихы, басты ерекшеліктері, синкреттілік сипаты Орта Азия халықтарымен салыстырыла отырып сипатталған. Өнерпаз бойына жыршылық өнердің қонуы жыршы Жамбыл өмірінен естеліктерге сүйене отырып
сарапталды. Бойына жыр қасиеті дарыған талантты ақынның алдыңғы толқын ұстаздары мен ақындық ортасы да мақалада аталып өтіледі. Жыр алыбының ақындық тұлғасының қалыптасуы тарихи
деректерге сүйене қарастырылды. Ақын шығармашылығының поэзиялық қырының жан-жақтылық
сипатын айқындау мақсатында оның нақты өлеңдерінен үзінділер келтіру арқылы, оларды поэтикалық тұрғыдан қарастыру негізінде талданды. Ақын өзі өмір сүрген замана шындығын гуманистік
көзқарастары негізінде философиялық байламы бар терең ойларымен ұтымды жеткізе білген. Осы
өлеңдердің негізінде жыр алыбы Жамбылдың ақындық қуаты айқындалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




