Машиналық аударма жүйелерінің нәтижелілігін бағалау әдістері
Қаралымдар: 229 / PDF жүктеулері: 104
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-112-124Кілт сөздер:
аударма, машиналық аударма, аударма жүйелері, аударманы бағалау, аударманы бағалау әдіс-тәсілдеріАңдатпа
Қазіргі интернет желісі дамыған уақытта және шекарасыз әлемдік қарым-қатынас
заманында, интернеттегі ақпараттың көпшілігі шет тілдерде ұсынылғандықтан, бір тілден екінші
тілге аудару процесін жүзеге асыру қажеттілігі бірте-бірте өсіп келеді. Қажетті ақпаратқа қол жеткізу үшін қарапайым адамдар да, қандай да бір маман өкілдері де өз қызмет аясында машиналық
аударма жүйелерінің көмегіне жүгінеді. Өкінішке орай, машиналық аударманың сапасы әлі де қанағаттанарлық жоғары дәрежеге жете қойған жоқ. Оның сапасы көптеген факторларға байланысты
болады. Ғалымдар мен аудармашы мамандар машиналық аударма бағдарламаларының жұмысын
жетілдіру мақсатында көптеген зерттеулер жүргізіп, бағдарламаның жұмысын бағалайды.
Мақаланың мақсаты оқырманды машиналық аударма жүйелерінің жұмысын бағалау тәсілдерімен,
мамандардың аударманы бағалау туралы ой-пікірімен таныстыру. Мақалада қарастырылған машиналық аударманы бағалау тәсілдері практика жүзінде қолданылған
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




