Көркем мәтінді интерпретациялау процесінде стилистикалық бірліктердің фреймдік талдауын қолдану
Қаралымдар: 329 / PDF жүктеулері: 318
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-114-122Кілт сөздер:
дәстүрлі стилистикалық талдау, түсіну, когнитивті көзқарас, білім құрылымдары, фрейм, фреймдік талдауАңдатпа
Мақаланың негізгі мақсаты – көркем мәтіндерді интерпретациялау процесінде стилистикалық тәсілдерді талдауда когнитивті әдістерді қолдану дәстүрлі әдістерге қарағанда ең тиімді әдіс екенін
анықтау. Стилистикалық тәсілдердің бүгінгі күнге дейін дәстүрлі тәсілмен сәйкес зерттелуі, олардың
барлық функциялары мен аспектілерін толық қамтылмауына акеліп соқты. Мәтінді түсіну үдерістері
тілдік бірліктердің тек жалпылама құрылымдарын зерттеумен шектеліп қана қоймай, когнитивтік
операциялардың көмегімен білім құрылымдарын терең жандандыруды талап етеді. Мақалада көркем
мәтіндердегі метафораларға компоненттік әдіс, контекстуалды талдау және когнитивтік фрейм әдісімен
қоса талдау жасалынған бірқатар мысалдары келтірілген. Фреймдік талдау әдеби шығарманың тұтас
концептуалды мағынасын едәуір кеңейтетін және авторлық ойды неғұрлым дәл ашатын стилистикалық
тәсілдерде салынған білім құрылымын анықтайды. Мұндай тәсіл стилистикалық бірліктердің семантикасына терең енуіне және олардың тұжырымдамалық мәндерін кеңінен ашуға мүмкіндік береді. Демек,
мәтінді интерпретациялау удерісінде когнитивті іс-әрекеттерді қолдану арқылы мәтінді жоғары деңгейде түсінуге қол жеткізуге болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




