Оқу мәтіндерінің түрлері және оларды меңгерту тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері
Қаралымдар: 249 / PDF жүктеулері: 850
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-103-108Кілт сөздер:
мәтін оқу, оқылым, тапсырма түрлері, тест, синквейн әдісі, әзірлеу, тілдік деңгей, диалог, өлең, графикаАңдатпа
Мақалада оқылымға арналған мәтіндерді білім алушылардың деңгейіне қарай
іріктеу мәселесі сөз болады. Оқу материалдарын тек мәтін түрінде ғана емес, диалог,
кесте, сызба, диаграммалар формасында беру мүмкіндіктері және өлең нұсқасында ұсыну жайы талқыланады. Көлемді мәтіндерге тапсырма әзірлеу үшін оларды абзацқа бөліп
қарастырудың маңыздылығына мән беріледі. Мәтінге қойылатын сұрақтардың бірнеше
түрі ұсынылып, оларды оқитын орта мен білім алушылардың тілдік деңгейіне қарай
топтастыру қарастырылады. Оқу материалдарына арналған тапсырмалардың қарапайым сұрақ түрлері мен тест тапсырмалары, сондай-ақ, синквейн әдісі тіл табиғилығын сақтау және оқушыларды қызықтыру мақсатында сараланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




