«Тіл /сөз» концептісінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері


Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 210

Авторлар

  • A.A. Құрманәлі Қайнар академиясы
  • K.A. Құрманәлиев Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-93-102

Кілт сөздер:

тіл білімі, лингвомәдениеттану, паремиологиялық қор, концепт, «тіл/ cөз» концептісі, лингвомәдени талдау

Аңдатпа

Кейінгі 10-15 жылда қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығы тіл
танымдық тұрғыда зерттеліп, ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті байланыстыра
зерттейтін лингвомәдениеттану деп аталатын сала дамып келеді. «Концепт» мәселесі
мәдениеттанымдық және когнитивтік бағыттарда қарастырылып, тұщымды тұжырымдар жасалды. Концепт – этномәдени санада сақталған, дәуірден-дәуірге беріліп келе
жатқан, мағынасы терең, ұлттың шынайы болмысын паш ететін, дүниені тану тәсілі.
Лингвомәдениеттанымда кез келген концепт әртүрлі тілдік бірліктерде, атап айтқанда, сөздерде, тұрақты тіркестерде, паремиологиялық қорларда, өлең-жырларда т.б. вербалданады. Қазіргі концептосфераның негізгі концептілерін зерттеу мәселесі лингвомәдениеттанудың міндеті болып табылады. Осындай концептілерге адам өмірінде маңызды
рөл ойнайтын «тіл /сөз» концептісін жатқызуға болады. Осыған орай, мақалада әлемдік
мәдениетте ең күрделі, әрі маңызды концептілердің бірі болып табылатын «тіл /сөз»
концептісінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері зерделенеді.
Сондай-ақ, қазақ тіліндегі «тілге/сөзге» қатысты паремиялар семантикалық тұрғыдан
топтастырылып, лингвомәдени талдау жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құрманәлі A., & Құрманәлиев K. . (2020). «Тіл /сөз» концептісінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 133(4), 93–102. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-93-102

Журналдың саны

Бөлім

Статьи