Мақал-мәтелдердегі көнерген сөздер
Қаралымдар: 284 / PDF жүктеулері: 1629
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-78-85Кілт сөздер:
көнерген сөз, мақал-мәтел, этимология, паремиология, лексикаАңдатпа
Мақал-мәтелдер тіл білімі, тарих, этнография, психология, фольклористика
және тағы басқа ғылымдардың мамандары үшін үлкен мәнге ие. Әсіресе, тіл білімінің
ғалымдары үшін ерекше қызығушылық тудырады, өйткені фольклордың осы жанрында тілдің ежелгі жағдайына тән және оның даму процесінде жоғалған архаикалық құбылыстардың едәуір қабаты кездеседі. Қазақ мақал-мәтелдерінің тілі – тіл білімі үшін
құнарлы зерттеу нысаны. Бұл таңқаларлық та емес, өйткені сөз тілдік бірлік ретінде
тілдің грамматикалық құрылымын көрсетеді, ал мақал-мәтелдер көне грамматикалық және лексикалық жүйенің көптеген және алуан түрлі реликтерін өз құрамында
сақтап қалды. Сондықтан мақал-мәтелдердегі көнерген сөздер жан-жақты зерттеуді
қажет етеді. Жалпыхалықтық тілдің лексикалық және грамматикалық нормалары
бекітілген мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктерін толық зерттемей және жүйелі
түрде сипаттамай, әдеби тілдің қалыптасуының тарихи заңдылықтары мен жетекші үрдістерді анықтау мүмкін емес. Бұл мақалада қазақ тілінің мақал-мәтелдерінде
кездесетін кейбір архаизмдердің шығу тегі қарастырылады. Кейбір сөздердің көнелену
себептері туралы болжамдар ұсынылған. Қазақ тіліндегі архаикалық лексикалық бірліктерінің этимологиясын зерттей келе, автор мақал-мәтелдерге архаизмдер тән және
олардың шығу тегін анықтау үшін экстралингвистикалық факторларды қарастыру
қажет деген тұжырымға келеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




