Қарым-қатынас үдерісіндегі ерлер мен әйелдердің сөйлеу ерекшеліктері
Қаралымдар: 218 / PDF жүктеулері: 725
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-70-77Кілт сөздер:
лингвистика, этномәдениеттану, коммуникация, қарым-қатынас, коммуникативті тәсіл, диалог, гендерлік айырмашылықтар, ерлер мен әйелдердің сөйлеуіАңдатпа
Мақалада қарым-қатынас үдерісіндегі ерлер мен әйелдердің әртүрлі тілдік әрекеттері зерттеледі. Ешбір қауымдастық адамдар арасындағы байланыссыз бірлескен іс-қимыл мен өзара түсіністікке қол жеткізе алмайды. Коммуникация - бірлескен іс-қимыл қажеттілігінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстарды дамытудың көпқырлы үдерісі. Диалогтік сөйлеудегі қарама-қарсы жыныспен
қарым-қатынас ерекшеліктері арнайы талдау мен зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы, адамдардың қарама-қарсы жыныспен тілдік қарым-қатынасқа түсуі бала кезде қиын.
Еркек пен әйел арасындағы тілдік қарым-қатынас проблемасын тудыратын бірқатар маңызды объективті себептер бар. Кез-келген білімді адам оның себебі мен салдарын болжай білуі керек. Бұл себептер
ең алдымен ерлер мен әйелдердің «табиғи» айырмашылықтарымен байланысты, олар адамның дамуы
барысында қалыптасады және олардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасында көрінеді. Табиғат еркек
пен әйелді бірдей етіп жаратқан жоқ. Ерлер мен әйелдердің туа біткен, өзіндік мимикасы мен қимылдары бар. Ер адамдардың әйелдерден айырмашылығы, оларға өз ойларын ауызша дұрыс айту қиынырақ,
сондықтан әйелдерге қарағанда ерлердің сөйлеуінде толық емес сөйлемдер жиі кездеседі. Зерттеулер
көрсеткендей, гендерлік айырмашылықтар ерлердің де, әйелдердің де сөйлеу әрекеттерінің лексикалық
және грамматикалық деңгейлерінде кездеседі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




