Ағылшын тіліндегі бейнероликтер негізінде университеттегі тіл мамандықтарының кіші курстарында есту құзыреттілігін қалыптастыру
Қаралымдар: 293 / PDF жүктеулері: 127
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-134-1-76-83Кілт сөздер:
түпнұсқалық аудио, бейнематериалдар, креативті тапсырмалар, әдістемелік жұмыс, тапсырмалардың өнімді түрлеріАңдатпа
Мақала тыңдау дағдыларын дамытуға ықпал ету және ағылшын тілін оқытуда Интернет ресурстарды пайдалану мәселесіне арналған. Мақалада ағылшын тілін оқыту әдістемесінде кездесетін сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі ретінде тыңдау тұжырымдамасы талқыланады. Ағылшын тілі сабағында бейнематериалдарды оқу үдерісін күшейту және оған максималды коммуникативті бағыт беру құралы ретінде қолданудың орындылығы қарастырылған. Мақалада тыңдау ұғымы шет тілін оқыту әдістемесінде кездесетін сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі қарастырылады. Бейне аудит – бұл тыңдаудың жеңіл нұсқасы, студенттерге экранда не болып жатқанын болжап, жағдайды жақсырақ түсінуге көмектеседі. Студенттердің бейнеаудиторлыққа деген көзқарасын анықтауға арналған эксперименттік білім
берудің осы түріне айқын басымдық бергендігін көрсетіледі. Автор видео қолданудың шығармашылық жағын ынталандыратын оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдерінің мысалдарын келтіреді. Мақалада бейнематериалдармен жұмыс жасау әдісі ұсынылған және мұғалімнің ағылшын тілі сабағында қолдануға болатын интернет сайттарының түрлері келтірілген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




