Ағылшын тілін оқыту барысында аутентикалық материалдарды пайдалану
Қаралымдар: 525 / PDF жүктеулері: 651
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-138-147Кілт сөздер:
аутентикалық материалдар, шет тілін үйрену, тілдік құзыреттілік, нақты тілдік жағдайАңдатпа
Бұл мақалада ағылшын тілін оқытудағы аутентикалық материалды пайдалану
мәселелері қарастырылады. Мақалада «аутентикалық материал» ұғымының түрлі анықтамасы
беріліп, зерттеу тарихы қарастырылған. Шет тілін оқыту барысында аутентикалық материалды
пайдалану кезінде кездесетін негізгі мәселелер айқындалады. Аталған материалдар ағылшын
тілінің оқытушыларына сабақты жоспарлауда қиындық тудырады. Аутентикалық
материалдардың күрделі тілдік құрылымдары мұқият қарауды талап етеді. Мақалада
аутентикалық және бейімделген материал арасындағы жалпы айырмашылықтар сипатталған
және оны ағылшын тілін оқыту үдерісіне енгізу тәсілдері ұсынылған. Аутентикалық
материалдың бейімделген материалға қарағанда артықшылығы - мұнда қарапайым тілдік
құрылымдар емес, ана тілінде сөйлейтіндердің өзіндік сөйлеу элементтері бар. Сонымен қатар,
студенттердің оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын дамыту үшін аутентикалық материалдар
мұқият таңдалуы керек. Шет тілін оқытуда респонденттердің пікірін анықтау үшін сауалнама
жүргізілді. Оның нәтижелері аутентикалық материалдар шетел тілін үйренушілердің тілдік
құзыреттілігіне оң әсер тигізетінін, нақты тілдік жағдаят аясында шетел тілін үйренуге
көмектесетінін, студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




