Аралас оқыту форматындағы шетелдік студенттердің оқырмандық құзiреттілігі
Қаралымдар: 248 / PDF жүктеулері: 163
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-129-137Кілт сөздер:
шет тілі ретіндегі орыс тілі, аралас оқыту, төңкерілген сынып, мәтіннің жасырын мағыналары, контекст, сөйлеу ниеті, метатекст құралдары, эмоционалды бағалауАңдатпа
Мақалада жоғары деңгейлі студенттерге арналған “Флагман” білім беру бағдарламасының үлгісінде орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың аралас форматын қолдану
тәжірибесі берілген (“мәтін оқу” аспектісі). Мақалада мәтіннің жасырын мағынасын анықтауға
және түсіндіруге байланысты негізгі ұғымдар анықталған. Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың
төмендегі жаңа тәсілдері ұсынылған: оқытушының кері байланысы бар тапсырмалар жүйесін
алдын-ала орындау, қателіктермен жұмыс істеу, содан кейін алынған дағдыларды біріктіру,
аудиториялық сабақ кезінде мәтінді түсіндіруді тереңдету. Мақалада студенттердің авторлық
ойын және мәтіннің тереңдетілген бағдарламасын бөліп көрсету, ирония, анық және нақты
бағалауды анықтау және атрибуциялау, студенттердің мәдени білімдеріндегі лакунаны анықтау,
оларды толтыру сияқты оқу құзіреттілігін қалыптастыратын тапсырмалардың үлгілері берілген.
Оқыту жүйесіндегі аралас оқыту форматында “төңкерілген сынып” оқыту моделінің тиімділігі
айқындалған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




