Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуеті (сандық және сапалық көрсеткіштерді талдау)
Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 305
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-50-62Кілт сөздер:
термин, терминология, сандық және сапалық көрсеткіш, заңдылық, лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларАңдатпа
Мақалада қазақ тілі терминологиялық қорының негізін құрайтын 2014 жылғы
30 томдық терминологиялық сөздіктер топтамасының қазақша-орысша және орысшақазақша нұсқаларында қамтылған терминдердің сандық көрсеткішінің дәлме-дәл сәйкес
келмейтіндігі анықталды және оған әсер ететін факторлар көрсетілді.
Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуетін оның сапалық көрсеткіші тұрғысынан
анықтау үшін сөздіктер топтамасының қазақша-орысша бөлігіндегі қазақ тіліндегі
бағандағы терминдердің құрамы, атап айтқанда: а) қазақ тіліндегі; ә) орыс тілі арқылы
шет тілдерінен енген; б) орыс тілінен енген; д) гибрид терминдердің саны анықталды.
Қазақ тілінің терминологиялық қорын құрайтын терминдер төмендегіше
топтастырылды: орыс тіліне еуропа тілдерінен еніп, орыс тілінің заңдылығына сай
қолданылған терминдер; орыс тіліне еуропа тілдерінен еніп, қазақ тілінің заңдылығына сай
қолданылған терминдер; кейбір еуропа тілдерінен орыс тілі арқылы еніп, орыс және қазақ
тілінің заңдылығына сай қолданылған терминдер; орыс тіліне түркі тілдерінен еніп, қазақ
тілінің заңдылығына сай қолданылған терминдер; орыс тілінен еніп, орыс тілінің
заңдылығына сай қолданылған терминдер; орыс тілінен еніп, қазақ тілінің заңдылығына
сай қолданылған терминдер; орыс тіліне еуропа тілдерінен еніп, орыс тілінің заңдылығына
сай және қазақ тіліндегі баламасы (баламалары) қолданылған терминдер; орыс тілінен еніп,
орыс тілінің заңдылығына сай және қазақ тіліндегі баламалары қолданылған терминдер.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




