Корпусқа енгізілетін мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою және оларды компьютерлік бағдарламаға енгізу мәселелері
Қаралымдар: 378 / PDF жүктеулері: 453
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-140-3-103-113Кілт сөздер:
корпус, корпустық лингвистика, мәтін, морфология, шартты белгі, белгіленім, компьютерлік программаАңдатпа
Мақалада тіл біліміндегі корпус жасау ісінің тарихына қысқаша шолу жасалып, корпустық лингвистика ғылымына сипаттама беріледі, морфологиялық белгіленімге қойылатын теориялық және практикалық міндеттер мен талаптар көрсетіледі.
Корпусқа енгізілетін мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою алғашында қолмен жасалды. Мысал ретінде алынған сөйлемдегі жеке сөздерге жасалған морфологиялық талдаудың негізгі принциптеріне, қойылған белгіленімдерге түсініктеме берілді. Морфологиялық талдау, негізінен, мәнмәтінге байланыссыз жасалатыны белгілі. Мақалада сөз таптарының морфологиялық құрылымдарын талдау мен оларға белгіленімдер қоюда кездескен негізгі ерекшеліктер жеке-жеке көрсетіледі.
Сөздердің морфологиялық құрамын автоматты түрде ажырату компьютер жадына бірнеше сатылы шарттардың орындалуы арқылы іске асады. Олар: 1) сөздердің морфологиялық құрылымын ажырату (түбір сөз, қосымшалар); 2) компьютер жадына алдын ала дайындалған қосымшалардың тізімі мен шартты белгілерін енгізу; 3) компьютер жадына тілдің әртүрлі стилін қамтитын, морфологиялық белгіленім қойылған электронды пішіндегі мәтіндерді енгізу. Бұдан кейін компьютерлік бағдарлама арқылы мынадай жұмыстар орындалады: а) сөз табы қойылмаған кейбір сөздерге белгіленімдер қою; ә) реестр сөздерді тізімдеу, өңдеу барысында оларға сөз таптарын қоюда кеткен кейбір қателерді қолмен жөндеу; б) реестр сөздер тізіміндегі бір сөз табына қатысты омоним сөздердің бірін ғана қалдыру; в) сөзжасамдық жұрнақтар мен форма тудырушы жұрнақтардың аражігін ажырату.
Мәтіндер корпусын құрастыруға арналған компьютерлік бағдарламаны жасаудың мынадай инженерлік-линвистикалық және техникалық проблемаларын атауға болады:
- корпусқа енгізілген мәтіндерді морфологиялық талдау принциптері жаңадан жасалып отырғандықтан, әрі қарай жетілдіруді талап етеді;
- морфологиялық белгіленім қоюда тілдің ішкі заңдылықтарына байланысты шартты түрде алынған белгілер қолданылатындықтан, компьютерлік бағдарлама жасау барысында олар да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




