Оқу дискурсындағы қабылдау ерекшеліктері: толықтыру әдістемесінің әлеуеті
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 712
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-181-190Кілт сөздер:
оқу дискурсы, оқу қарым-қатынасы, оқушы, толықтыру методикасы, қабылдауАңдатпа
Түрлі деңгейдегі оқу орындарында тілдік оқытуға қойылатын жаңа талаптар
аясында мәтінді мағыналық қабылдау ерекшеліктерін оқу дискурс контекстінде қарастыруға
талпыныс жасалды. Қазіргі қазақстандық орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жаңғырту
жағдайында оқу дискурсты зерттеудің өзектілігі мен ғылыми-әдістемелік маңыздылығы даусыз.
Оқу процесінің белсенді субъектісі ретінде оқушы тұлғасына көңіл бөлу тіл үйренуге жаңа талаптар
қояды. Сондықтан оқушының танымдық-коммуникативтік іс-әрекетінің ерекшеліктері мен оқу
жағдайында білімді меңгеру ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазіргі
қазақстандық орта білім берудің маңызды векторы ұсынылып отырған оқу коммуникациясы
аясында оқушының өзіндік пікірін білдере білуі болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаты –
мәтінді түсіну кезінде адам бойындағы әмбебап және даралықты анықтау. Бұл мақсат оқушыларда
жаңа мағыналардың қалыптасу механизмдерін жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мәтінді декодтау
кезінде білім беру дискурсы мен жеке сананың өзара әрекеттесу процесі оқушылардың жаңа білім
ақпаратын қабылдауы түрінде лексикалық деңгейде барынша айқын көрінеді. Мақалада бұл
процесс мәтіндегі бос орындарды толтыру техникасы арқылы қарастырылады. Мәтіндер 5 және 11-
сынып оқулықтарының бағдарламалық материалына сәйкес таңдалды. Алынған реакцияларды
жүйелеуге ерекше көңіл бөлінді. Жұмыста мәтіннің үш түрі бойынша эксперименттік деректердің
нәтижелері берілген: ғылыми, публицистикалық және ауызекі сөйлеу стилі. Эксперименттік
материал әртүрлі стильдегі мәтіндерді нақты қабылдау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар
жеке сенімдер, эмоциялар, көзқарастар түріндегі әртүрлі субъективті айнымалылар тұрғысынан
талданады