Постмодернистік әдебиеттегі симулякр: генезисі мен зерттелуі


Қаралымдар: 141 / PDF жүктеулері: 522

Авторлар

  • С.Ш. Айтуганова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.А. Сарсембаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-145-152

Кілт сөздер:

қазақ әдебиетіндегі постмодернизм, әдебиеттегі симулякр, симулякрлар мен симуляциялар, симулякрдың зерттелуі, әдеби симулякрдың генезисі

Аңдатпа

Мақалада постмодернистік әдебиеттегі симулякр категориясының шығу
тегі, қалыптасуы және зерттелуі қарастырылады.
«Симулякр» ұғымының дамуы антикалық кезеңде бастау алып, постмодернизм
дәуірінде философ Ж.Батайдың негіздеуімен ғылыми айналымға енген. Терминге
қатысты алғашқы ой-тұжырымдар грек ойшылдары Платонның, Эпикурдың
трактаттары негізінде талданады. Антикалық кезең философиясында симулякр
заттың көшірмесі, репрезентациясы түрінде сипатталады. Кейіннен француз
ғалымдары Ж.Батайдың, Ж.Делездің, Ж.Бодрийярдың зерттеу еңбектерінде
симулякр жаңа қырынан талданып, қазіргі заманғы философиялық, әлеуметтіксаяси жағдайды сипаттаудың кең контекстінде беріледі. Ж.Бодрийяр ұсынған
«Симуляциялар мен симулякрлар» теориясы бойынша симулякрдың қоғамдағы,
өнердегі, әдебиеттегі көрінісі мен қызметі талданады. Ресей ғалымдары М.Эпштейн,
Н.Маньковская және О.Бычкованың симулякрлар теориясына қатысты ойтұжырымдары зерделенеді. Орыс әдебиеттанушысы М.Эпштейннің мақалалары
бойынша Кеңестік кезең идеяологиясының симулякрлар теориясымен өзара байланысы
қарастырылады. Философ, постмодернизмге қатысты бірқатар еңбектердің авторы
Н.Маньковскаяның зерттеу жұмыстарындағы симуляциялық қатынастардың даму
сатылары жайлы пікірлері пайымдалады. Ғалым О.Бычкованың орыс әдебиетіндегі
симулякрдың көркем мәтіндегі қызметі мен орнына қатысты тұжырымдары
талданады. Симулякрдың қазақ прозасындағы қолданысы әдебиеттанушы, PhD
Г.Сәулембектің зерттеу еңбегі негізінде қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтуганова, С., & Сарсембаева, С. . (2023). Постмодернистік әдебиеттегі симулякр: генезисі мен зерттелуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 143(2), 145–152. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-145-152

Журналдың саны

Бөлім

Статьи