Қазіргі қазақ тіліндегі будан атаулардың тілдік ерекшеліктері
Қаралымдар: 344 / PDF жүктеулері: 701
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-87-94Кілт сөздер:
тілдік будандастыру, сөзжасам, реципиент тіл, кірме сөздер, біріккен сөздер, шеттілдік сөздер, терминологияАңдатпа
Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы, ойлау құралы ретінде өзіндік
тарихи жолды басынан өткеретіні белгілі, бірақ сонымен бірге оның басқа шет
тілдерінің көмегімен қалыптасып, байып отырғаны және тілге енуі маңызды
факт болып табылады. Мақаланың негізгі мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі гибрид
аталымдардың тілдік сипатын қарастыру, оларға жалпы түсінік беру, гибрид
аталымдардың тілде пайда болу себептерін, жолдарын дәйектеу, пайда болуының
ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау. Осы мақсатқа байланысты төмендегі
міндеттер орындалады: қазіргі қазақ тіліндегі гибрид аталым жасау модельдерін
анықтау, морфологиялық құрылымына және сөзжасамдық модельдерді жүзеге
асыру ерекшеліктерін есепке ала отырып, гибрид аталымдардың құрылымдықсемантикалық сипаттамасының негіздемесін жасау және қазақ тіліндегі гибрид
аталымдардың классификациясын жасау. Қазіргі кезде будан сөздер тілімізде кеңінен
қоланылып жүр, әсіресе еліміз тәуелсіздік алған соң аталған сөздердің саны күрт өсті.
Аталған терминдердің тілімізде қолданыста көбеюінің себебін анықтап, будан
терминдердің жасалуын, олардың функционалдық және семантикалық ерекшеліктерін
айқындау зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындыларын болашақта жүргізілетін
ғылыми ізденістерге негіз бола алады, сонымен қатар зерттеу материалдары қазақ
тіліне енген будан сөздер сөздігін даярлауда әдістемелік көмекші құрал бола алады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




