Смағұл Садуақасұлының әңгімелері: көркемдік және тарихилық қағидаттардың ықпалдастығы
Қаралымдар: 249 / PDF жүктеулері: 268
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-86-96Кілт сөздер:
Алаш әдебиеті, елдік мұрат, көркемдік және тарихилық қағидаттар, бейнелер жүйесі, отаршылдық, көсемсөздік сарын, оқырман танымы, көзқарас тартысыАңдатпа
ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы көркем прозада «Салмақбай – Сағындық»,
«Күлпәш», «Күміс қоңырау» повестерімен, «Сәрсенбек» романымен аты мен заты
қалған Смағұл Садуақасұлының «Өртең», «Салмақбай, Махамбет», «Аптономиа»
сынды әңгімелері әрі көркемдік, әрі тарихилық сипатымен ерекшеленеді.
Алаш әдебиеті кезеңіне жататын осы көркем шығармалардың авторы – жай жазушы
ғана емес, парасаты толысқан, жастай саясат ісінде шыңдалған қайраткер. Тұлғалар қолына шабыттан гөрі ағартушылық мақсат қалам алдыртады. Айталық, Алаш көсемі
Әлихан Бөкейханның саясат жұмысы барысында білікті көсемсөзші, сындарлы әдебиеттанушы болуының себебі сол. Бұл қасиет Смағұл Садуақасұлында да болды. Аса күрделі кезеңдегі ұлт жастарының арманы, зиялылар арасындағы елдік және төңкерістік
мәселелерге байланысты көзқарастар, большевизм кезіндегі халықтың табиғи мүддесі,
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер – қаламгердің негізгі нысанасы.
Отаршылдық – әділетсіздік, аярлық, зорлық-зомбылық арқасында ғұмырын ұзартқан
тамыры терең, кесапат құбылыс. Әлемдегі талай халықтарға трагедия алып келген
осы басқыншылық (Алаш лексиконында «жуан жұдырық») Қазақ елін адам айтқысыз
қиындыққа душар етіп, теңдік пен еркіндік аясындағы дамуын тежеді. Әділеттікке деген ұмтылыс жастай сезімі мен санасында қайнаған Смағұл ұлтына азаттық тимеген
екі қоғамды жаман жағын да, қайсыбір жақсы жағын да парықтап, ақылымен ұғып өсті.
Әлем және орыс әдебиеті, ұлт фольклоры дәстүрінен бастау алатын ХХ ғасырдың бас
ширегіндегі қазақ әдебиетінің өкілі ретінде Смағұл Садуақасұлы көркемдік және тарихилық қағидаттарға иек артып және сол екеуінің ықпалдастығы арнасында жазушылық
шеберліктің бел-белестерін игерді.
Мақалада С.Садуақасұлының әдебиет тарихынан сырт қалып келген әңгіме жанрындағы ізденістері мен табыстары қарастырылып, талданады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




