Қазіргі әлемдік әлеуметтік лингвистиканың проблемалары
Қаралымдар: 352 / PDF жүктеулері: 909
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-22-31Кілт сөздер:
әлеуметтік лингвистика проблемалары, тіл саясаты, тілдік тәжірибе, мемлекеттік тіл, тіл құрылысы, тілдік ахуал, Ресей әлеуметтік лингвистикасыАңдатпа
. Мақалада әлеуметтік лингвистиканың өзекті деген бірнеше пробемалары
түрлі елдердегі тілдік тәжірибелер бойынша талданып қарастырылады. Мақалада солардың ішінде әсіресе әлеуметтік лингвистикалық категория ретінде қарастырылатын
мемлекеттік (ресми) тіл мәселесі арнайы сөз болады. Бұл мәселе, біріншеден, талап пен
міндет және екіншіден, тілге қатысты жауапкершілікті белгілеу тұрғысынан қарастырыла отырып, Балтық жағалауы елдері, Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан,
Тәжікстан, Ресей тағы басқа елдердің тіл саясатының ұстанымдары мысал ретінде
беріледі. Одан әрі тіл құрылысы, тілдік ахуал мәселелері талданады. Олар АҚШ-тағы
әдеби тілі стандартын ағылшын тілділерге жатпайтындарға, сондай-ақ имигранттарға меңгерту проблемасымен байланысты қаралатындығы тарқатылып айтылады.
Ал Германия мен Францияда иммигрант жұмысшылардың тілдік бейімделуі туралы
шиеленіскен мәселені әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер арқылы шешудің жолға
қойылғаны баяндалады. Мұнан кейін кеңестік әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің өзге халықтарды «орыстандыру» бағытын ұстанғандығы туралы сөз қозғалады.
Осы кеңестік әлеуметтік лингвистиканың жалғасы болып табылатын қазіргі ресейлік
әлеуметтік лингвистиканың қазіргі зерттеулеріне шолулар жасалады. Мақала авторлары еліміздегі тілдік ахуал мәселесін әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеу
мен оған тиісті ғылыми баға беруде кеңестік замандағы, сондай-ақ қазіргі социолингвист-ғалмдардың ұстанымдарын үлгі етуге болатыны туралы тұжырым жасайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




