Қазақ-өзбек әдеби байланысы
Қаралымдар: 262 / PDF жүктеулері: 182
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-144-154Кілт сөздер:
қазақ әдебиеті, өзбек әдебиеті, ортақ фольклор, әдеби байланыс, көркем аударма, тақырыптық тұтастықАңдатпа
Қазақтар өзбектерді қашан да «өз ағам» деп құрмет тұтса, өзбектер
«Жолдасың қазақ болса, жау алмайды» деп, ыстық ықыластыран білдірген. Бұл – екі туыс
халық арасындағы бауырмалдықтың көрінісі. Қазақстан жерінде бауырластықтың символы
ретінде 2018 жыл – Өзбекстанның жылы деп жариялануы, өзбек елінде болса қазақтың ұлы
ақыны Абайдың шығармашылығының жоғары деңгейде дәріптелуі тегін емес-ті. Әдеби
үдерістегі мұндай елеулі оқиғалар Түркі әлеміндегі мәдени-әдеби өзара ықпалдастықтың
қарқынды дамып келе жатқанын да айшықтайды. Ұлттық дүниетанымда көрініс табатын
барлық ұғымдардың іздері оның сөз өнерінде сайрап жататыны белгілі. Сондықтан да
тарихи тамыры бір арнадан өрбіген қазақ-өзбек әдебиетін салыстырмалы әдебиеттану
аспектісінде зерттеудің маңызы зор. Бұл мақалада қазақ және өзбек халықтарының
фольклордан бастау алған әдеби байланыстарының өзара ықпалдастығы зерттеліп, олардың
арасындағы әдеби байланыстар тарихи даму принциптеріне сәйкес хронологиялық
кезеңдерге бөлінеді. Сол себепті мақаланың мақсаты – қазақ-өзбек әдеби байланысының
тарихи негіздерін және олардың даму ерекшеліктерін анықтау.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




