Қазақ және түрік тілдеріндегі мінез-құлықты сипаттайтын фразеологизмдер: функционалдық-параметрлік талдау
Қаралымдар: 294 / PDF жүктеулері: 921
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-67-78Кілт сөздер:
квалитативті семантика, лингвоиндикатор, фразеологиялық мағына, ішкі форма, коммуникативтік-когнитивтік функция, фраземосемиозис, internal form, communicative and cognitive functionАңдатпа
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі адамның мінез-құлқын сипаттайтын сапа семантикалы фразеологизмдер функционалдық-параметрлік аспектіде талданады. Фразеологизм семантикасын қалыптастыратын бір-бірімен өзара байланысты,
тығыз қарым-қатынастағы семалардың үйлесімділігі туралы көзқарастар мен пікірлер интерпретацияланып, фразеологиялық мағына құрылымындағы компоненттер сараланады. Фразеологизм бойында тоғысатын аталым процесінің біріншілік және екіншілік деңгейлері арасын жалғайтын ассоциативтік параллельдер негізіндегі образдың
денотативтік, уәжділік компонентті айқындайтыны, бұл компоненттердің фразеологизмдердің тілдік таңба ретіндегі сипатын танытатыны тұжырымдалады. Фразеологизмдердің ішкі формасы – образ арқылы «жақсы-жаман» өлшемімен анықталатын
бағалауыштық компонент, «құптау-құптамау» шкаласымен өлшенетін эмотивтік
компонент, олардың мазмұнынан туындайтын стилистикалық компонент сипатталады. Адамның мінез-құлқын сипаттайтын фразеологизмдер мағынасында этикалық
бағалау жататыны, көп жағдайда адамның жақсы мінезіне қарағанда жаман мінезі бағалатыны айтылады. Осыған орай «құптау-құптамау» шегінің арасында жек көрушілік,
сөгу, менсінбеушілік, кекесін эмоциялары орын алатыны түйінделеді. Фразеологизмдер
жалпытүркілік ортақтықтар мен әр халықтың даралығын ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі лингвоиндикаторлар болғандықтан, талдау арқылы әр этностың дүниетанымы танылады. Нәтижеде фразеологиялық мағына құрылымындағы бағалауыштық,
эмотивтілік және стилистикалық компоненттердің фразеологизмдердің прагматикалық әлеуетін күшейтіп, коммуникативтік функциясын, ал ұлттық-мәдени компоненттің фразеологизмдердің когнитивтік функциясын айқындайтыны тұжырымдалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




