Діни дастандардағы теонимдер
Қаралымдар: 298 / PDF жүктеулері: 353
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-43-54Кілт сөздер:
діни эпос, теонимдер, ономастика, антропоним, лексика, Құдай, пайғамбарАңдатпа
Теонимдер қазақ тіл білімі үшін, шартты түрде алғанда, лексикологияның
жаңа бір нысаны болып саналады. Қазақ тілі сөздік құрамында бұлардың алар орыны
ерекше. Себебі бұларда, дінтану тұрғысынан алсақ, терминдік сипат; әдеби тіл тұрғысынан алсақ, пассивтік, кірмелік; стилистикалық тұрғыдан алсақ, ерекше тармақ
құрайтын сипат; атауыштық тұрғыдан алсақ, жалқы-жалпылық сипат болады. Сол
себепті зерттеудің алғашқы қадамында мұның сөздік құрамға енуін бақылау қажет
болады. Бұл міндетті орындауға діни фольклор көп көмек көрсетеді. Сол себепті теонимдердің қолданылу кеңістігі ретінде діни дастандардағы тілдік айғақтар талдауға
тартылады.
Діни дастандар – халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алатын фольклорлық жанр. Қазақ діни эпостары Құранға қатысты, мұсылман қауымы, ислам жайлы мифтер мен
аңыздардан, Пайғамбар сүннеті мен хадистерден тұрады. Бұл жанрдағы дастандардың
тақырыптық ауқымы мұсылман батырлары жайлы баяндауды, Пайғамбардың қызметтерін, қасиетті соғысты да қамтиды. Барлық шығармалар белгілі бір мақсатқа
арналады, яғни онда ислам діні дәріптеліп, насихатталады. Осы ретте діни шығармалар
тілін зерттеу өзекті деп есептейміз. Ал діни дастандардың тілін ерекше айрықшалайтын лексикалық топ – теонимдер. Теонимдерді қазақ діни фольклорында, әсіресе діни
дастандарда көп кездестіруге болады.
Мақалада діни дастандардағы теонимдер жинақталып, олар Құдай сөзімен мағыналас
сөздер, періште есімдері, пайғамбар есімдері және сахабалар есімдері болып бөлінеді. Әр
топтағы теонимдерге діни дастандардан мысалдар алынып, жеке-жеке талдау жасалып,
түсіндірмесі беріледі, этимологиясына барлау жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




