«Қырық мысал» жинағының жазылуы мен басылуы
Қаралымдар: 303 / PDF жүктеулері: 846
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-199-210Кілт сөздер:
Крылов, А.Байтұрсынұлы, аударма өлең, «Қырық мысал», Ә.Бөкейхан, генерал-губернатор, цензура, Потанин, Ольденбург, Ғылым академиясы, баспахана, дарынды суретшіАңдатпа
Мақалада қоғам және мемлекет қайраткер, реформатор тұлға, ағартушы ғалым, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлын шығармашылығының беймәлім қырлары қарастырылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы талантын жаңа бір қырынан танытатын «Қырық мысал» жинағының жазылуы мен басылуы архив деректері негізінде талданады. Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен А.Байтұрсынұлы азаттық идеясын патша билігінің цензуралық қысымына байланысты ашық айта алмады. Сондықтан да мысал өлеңдер арқылы ойын астарлап жеткізуге тура келді.
Орыс жазушысы әрі мысалшысы Иван Крылов мысалдарын қазақша аударған оның тұңғыш жинағы Санкт-Петерборда 1909 жылы жарық көргені мәлім. Алайда «Қырық мысал» жинағының қазақшаға аударылғаны, оның жылдар бойы А.Байтұрсынұлының өзімен бірге «тар жол тайғақ кешу» тарихы белгілі бір ортаға мәлім болғанымен, жалпы бұқараға беймәлім болып келген болатын. Міне, Ресейдің орталық архивтері, аймақтық музейлерінен табылған тың құжаттар мен мәліметтерге сүйенсек, А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» кітабының жылдар бойы жарыққа шықпай жатуының себептерін түсінуге болады. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы шығармашылығының бұрын беймәлім болып келген қырлары байыпталады. Ол мәселе Ресей Федерациясы Красноярскі аймақтық өлкетану музейінен табылған мұрағаттық құжаттар негізінде сараланады. Сол арқылы қазіргі ахметтанудың беймәлім мәселелері айқындала түседі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




