Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген лауазым атауларының «Кодекус куманикус» жазба ескерткішіндегі этнолингвистикалық сипаты
Қаралымдар: 293 / PDF жүктеулері: 392
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-67-75Кілт сөздер:
көнерген сөздер, этнолингвистика, әскерилингвистика архаизмдер, экстролингвистика, этнография, тарихи сөздер, этимологияАңдатпа
Мақалада орта ғасыр жазба жәдігері «Кодекус куманикустағы» көнерген сөздердің этнолингвистикалық сипаты талданды. Түркі халықтарының рухани, мәдени, әлемінің дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігінен мол хабар беретін құнды ақпарат көзі – орта ғасырлық жазба ескерткіштер болып табылады. Аталған тілдік құбылысты зерттеу тіл ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі. Шетелдік және отандық түркологтардың тұжырымдары негізге алынды. Қоғамдағы тарихи үрдістер мен экстролингвистикалық әсерлерден сөз мағынасының кеңейіп жетілуі, я болмаса қолданылу ерекшелігіне қарай көнеріп, кірігіп, бірігуі не жаңа сипат алуы заңды құбылыс. Талдау негізінде «Кодекус куманикус» жазба жәдігеріндегі лауазым атаулары мен құқықтық-әкімшілік, әскери лексикаға қатысты көнерген бірліктері анықталды.
Әлемдік түркологияда жазба жәдігерлерді лингвистикалық, танымдық, тарихи, философиялық тұрғыдан зерттеу ісі әлдеқашан қолға алынған. Ғасырлар бойы даму барысында тіл жиылған бар байлығын тарих қойнауына жасырып, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Осы тұрғыдан келгенде «Кодекус куманикус» жазба жәдігерінің тілдік құрамындағы көнерген сөздердің өз дәуірінде қолданылуы мен қазіргі кезеңдегі қолданыс өрісінің қандай екенін ажырату негізгі мақсатымыз болып табылады.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған тұжырымдар түркі сөздерінің сөздігін құрастыруда практикалық маңызға ие болуы мүмкін.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




