САКРАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕГІ ТАУ: МИФОПОЭТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • М.Н. Миразова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0006-2741
  • Р. Солтанғажы Астана қаласы әкімдігінің «№99 жылпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-1272-2981

Кілт сөздер:

Алтай, сакралды кеңістік, жер кіндігі, тау, қасиетті қақпа

Аңдатпа

Мақалада мифтік танымдағы таудың сакралды қызметі қарастырылды. Таудың мифологиядағы негізгі қызметі «жердің кіндігін» белгілеп, жерасты, жерүсті және аспан әлемінің өзіндік пішінін қалыптастырды. Таудың үш әлемдегі үйлесімділік заңын вертикалды сақтаушы ретіндегі рөлі тек қасиетті ұғымымен ғана түсіндірілмей, космогониялық мифологияда жер кіндігін белгілейтін өмір ағашы сияқты әмбебап элемент ретінде талдау нысанына алынды. Таудың көркем санадағы «жердің кіндігі», үш әлемді байланыстырушы кеңістік сынды рөлі талданды. Қытай, үнді, тибет, кавказ халықтарының мифтік баяндары мен фольклор туындыларындағы  бейнесі салыстырылып, ортақ қызметі көрсетілді.

Тақырыпты зерттеу барысында түркі-монғол, алтай халықтарының фольклорындағы тау культі қарастырылды. Ульгень, Эрлик, Уч Курбустан, Бурхан сияқты сакралды сипаттағы бейнелер арқылы Алтай тауының космогониялық мифтердегі мәні ашылды. Алтай – бірнеше ежелгі өркениеттің бастауы әрі әртүрлі дүниетаным қатар қалыптасқан ілкі төр. Бұл сакралды кеңістік көне сенімнен бастап, кейіннен қалыптасып орныққан діни көзқарастардың тоғысқан орны. Сондықтан Алтайдағы Мұзтау, Уч-Сюре, Шамбаланың қақпасы сынды киелі орындардың буддалық және шамандық дүниетанымдағы орны мен байланысы да қарастырылды. Сондай-ақ Бурхан-Халдун, Қазығұрт, Арарат, Синай, Парнас сынды киелі таулар салыстырмалы-типологиялық тұрғыда талданды.

Жарияланды

2026-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Миразова, М. ., & Солтанғажы, Р. . (2026). САКРАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕГІ ТАУ: МИФОПОЭТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1379