ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕР: ФУНКЦИОНАЛДЫ ҚАЖЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
кірме сөздер, функционал қажеттілік, лингвоэкология, тілдік орта, тілдік сана, жатсөзшілдік, тіл тазалығыАңдатпа
Кірме сөздердің енуі – қазақ әдеби тілінің диахронды-синхронды дамуындағы күрделі құбылыстардың бірі. Өзге тілдерден сөз қабылдау мемлекеттер мен кәсіби қауымдастықтар арасындағы геосаяси, экономикалық, мәдени және білім беру байланыстарына тәуелді. Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдаят орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми-техникалық атаулардың функционалдық қажеттілігімен сипатталады. Жаһандану, көптілділік, цифрлық платформалар, интернет-коммуникация және заманауи технологиялардың дамуы нәтижесінде орыс және ағылшын тілдерінен енген сөздер қоғамдық кеңістікте және күнделікті сөйлеу тілінде кеңінен қолданылуда. Бұл үдеріс ана тілінің тазалығына әсер ететін факторларды лингвоэкологиялық тұрғыдан бағалаудың өзектілігін арттырады. Зерттеудің эмпирикалық материалы мерзімді баспасөзден, көркем мәтіндерден, жарнамалардан, интернет-коммуникациядан және әлеуметтік желілердегі пайдаланушылар контентінен жинақталды. Кірме тілдік бірліктер функционалдық, семантикалық және лингвоэкологиялық өлшемдер негізінде сараланып, терминдер, баламасыз лексика, бөгде сөздер, формалды жарыспалар және деструктив сөздер түрінде жіктелді. Модельдеу әдісі арқылы олардың функционалдық қажеттілігі, жатсөзшілдік, сөз жұтаңдығы және лингвоэкологиялық бақылау аймақтары жүйеленді. Нәтижелер кірме сөздердің бір бөлігі номинативтік және коммуникативтік қажеттілікті өтейтінін, ал екінші бөлігі қазақша баламалардың қолданысын әлсіретіп, тілдің шұбарлануына ықпал ететінін көрсетті. Ұсынылған тұжырымдар қазақ лингвоэкологиясының теориялық негіздерін дамытуға және кірме сөздерді орынды қолдану қағидаларын қалыптастыруға үлес қосады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.


