М.МАҒАУИННІҢ «ҚЫПШАҚ АРУЫ» ХИКАЯТЫНДАҒЫ ДЕКОЛОНИЯЛЫҚ САНА КӨРІНІСТЕРІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
постотарлық сын, деколониялық сын, тарихи жады, екіұдай сана, эскапизм, иерархия, эпистемиологияАңдатпа
Бұл мақалада М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы» романына постколониялық, деколониялық сыни көзқарас тұрғысынан терең талдау жасау жасалды. Постотарлық дискурс шеңберінде аталған туындының мәдени мұра және қарсылық, бірегейлік, тарихи жады, еліктеу, екіұдай сана сияқты мәселелерді қалай қозғайтыны талданады. Мәтінді талдау арқылы шығарманың стереотиптерге, билік қарым-қатынасына және отарлық езгіге қалай қарсы тұратыны анықталады. Сондай-ақ деколониялық сындағы эпистемикалық иерархия анықталып, осы иерархиядағы қыпшақ дәуіріндегі бәдіздеу өнерінің орны көрсетіледі. Кейіпкердің билік матрицасынан ажырау мәселесі хронотоптық ауысу арқылы көрініс табатыны дәлелденеді. Нәтижесінде балама эпистемиология арқылы жазушының мазмұны да, формасы да ұлттық жаңа сыни білім ұсынатыны көрсетіледі. Романдағы кейіпкерлердің психологиялық портреті, отарлық сананың қалыптасуы мен оған қарсылық стратегиялары Франц Фанонның отарланған халықтың психопатологиясы туралы іліміне, Уолтер Мигнолоның отаршылдық билік матрицасы теориясына және Энн Добидің постколониалды сыны тұрғысынан қарастырылады. Аталған теорияларға сүйене отырып, кейіпкерлердің бойындағы өзін төмен санау кешені мен одан арылу жолдары көрсетіледі. Мақала барысында отарлық жүйенің жеке тұлға психологиясын еуропацентристік қалыпқа салу әрекеті және тарихи архетиптер арқылы болмысты қалпына келтіру процесі сияқты мәселелер де қарастырылады. Талдау нәтижесі шығарма кейіпкерлерінің гегемондық әлеуметтік-саяси құрылымдар ішіндегі бірегейлік пен қадір-қасиет үшін күресті зерттеудің нарративтік құралдары ретінде қызмет ететінін анықтайды. Сонымен қатар бұл зерттеу постколониалды дәуірдегі қарсылық, ынтымақтастық және адамгершілік нарративтерін қалыптастырудағы әдебиеттің трансформациялық әлеуетін көрсетеді.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.


