ТҮРКІ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ АРХЕТИПТЕРДІҢ АНИМАЦИЯЛЫҚ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІ


Қаралымдар: 18

Авторлар

Кілт сөздер:

түркі мифологиясы, архетип, анимациялық медиа, мифологиялық кейіпкер, мәдени код, ұлттық жады

Аңдатпа

Ғылыми мақала «Түркі мифологиясындағы  архетиптердің анимациялық медиадағы көрінісі» деген тақырыпқа арналған. Түркі халықтарының дәстүрлі мифологиялық бейнелері мен архетиптердің заманауи анимациялық туындылардың репрезентациясын анықтау және олардың мәдени-танымдық қызметін талдау – зерттеудің мақсаты болып табылады.  Зерттеудің нысаны ретінде қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ер Төстік пен Айдаһар», «Күлтегін», «Мұзбалақ» мультфильмдері, қырғыз халқының «Манас» және түріктің «Dede Korkut Hikayeleri» атты анимациялық жобалары таңдалып алынды. Нәтиже негізінде түркі халықтарының мифтік мұрасын жаңа форматта жаңғыртудың, ұлттық мәдени кодты, тарихи сананы және дәстүрлі дүниетанымды жас ұрпаққа насихаттаудың  таптырмас құралы екендігі анықталды. Сондай-ақ, заманауи анимациялық туындылардағы дәстүрлі архетиптік персонаждардың этномәдени бірегейлікті сақтаудың және ортақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңызы айқындалды. Мифтік сана мен мифтік шындық ұғымдары сан ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан  құбылыс. Олар өздерінің байырғы  қалпын сақтай отырып, әр заманның  рухани-эстетикалық талап-тілегіне сай қайта жаңғырып, түлеп, өзгеріп отыратыны туралы біз жақсы білеміз. Адам санасындағы мифтік танымның өміршеңдігі де осында. Ондағы архетиптік сюжеттер мен персонаждар өз болмысын, табиғатын түбегейлі  өзгертей-ақ бүгінгі заманның техникалық-медиалық мүмкіндіктерінің арқасында  әртүрлі жанрлық формада көрініс тауып отыр. Бұл әсіресе жас жеткіншек балалардың ұлттық рухани мұраны танып, білуіне ашылған жол деп ұққанымыз дұрыс. Оның денін ұлттық анимация құрайды.

Жарияланды

2026-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Түймебаев, Ж. ., Баят, Е. ., & Аязбаев, С. . (2026). ТҮРКІ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ АРХЕТИПТЕРДІҢ АНИМАЦИЯЛЫҚ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1367