ТҮРКІ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ “ÖLEÑ” ТЕРМИНІ: ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
түркі фольклоры, этнопоэтика, өлең, этимологиялық реконструкция, жанрлық трансформация, синкреттілік, үйлену салтыАңдатпа
Мақала түркі поэтикасында маңызды орын алатын және әртүрлі фонетикалық нұсқаларда (өлең, o'lan, өлөң, үләң, өләң, öleñ, üleñ) кездесетін “öleñ” сөзінің шығу төркінін, ортақ бастаулары мен жанрлық трансформациясын зерделеуге арналған. Аталған терминге қатысты локалды (жергілікті) түсініктердің аясынан шығып, оның жалпытүркілік фольклордағы функционалдық қызметі мен бірыңғай терминологиялық аппаратын жүйелеу зерттеудің мақсаты етіп қойылған. Эмпирикалық материал ретінде қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен, татар, башқұрт, саха халықтарының фольклорлық мұралары жан-жақты қарастырылды. Мақалада пәнаралық байланыс негізінде салыстырмалы-тарихи, генетикалық, этимологиялық, құрылымдық-семантикалық және контекстуалдық талдау әдістері қолданылған. “Öleñ” сөзінің көнетүркілік ulа- («ұластыру»; «жалғастыру») немесе ül-/öl- («үлестіру», «өлшеу») түбірлерінен тарау ықтималдығы жөніндегі көзқарастар байыпталады. Бұл ұғымның бастапқыда хаос пен үйлесімсіздікті белгілі бір ырғақтық тәртіпке түсіру мағынасын бергені болжанады. Саханың олоҥхосы мен башқұрттың өләңін салыстыра қарағанда, бұл терминнің әуелде батырлық эпоспен байланысты болып, кейіннен қоғамдық-әлеуметтік және мәдени өзгерістер әсерімен лирикалық сипатқа көшкені және ғұрыптық фольклор жанрына айналғаны туралы гипотеза сараланады. Түркі халықтарының үйлену салтындағы “öleñ” айту дәстүріне тән ортақ белгілер айқындалады. Фольклорлық “öleñ”-нің синкретті табиғаты (сөз, музыка, перформанс бірлігі) және оның диалог (айтыс) формасында орындалу ерекшеліктері талданады. Зерттеу нәтижесінде “öleñ” ұланғайыр кеңістікті (Орталық Азия, Еділ-Жайық, Шығыс Сібір) мекендейтін түркі жұртының ортақ мәдени коды ретінде сипатталады. Бұл жұмыс түркі халықтарының поэтикалық мұрасын реконструкциялауға және ортақ фольклорлық үлгілерді жаңғыртуға септігін тигізеді.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




