М. МАҒАУИННІҢ «ШЫҢҒЫС ХАН» ДЕРЕКТІ ТАРИХИ ХИКАЯСЫНДАҒЫ БАЯНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Шыңғыс хан, нарратология, баяндау құрылымы, фокализация, тарихи деректі хикая

Аңдатпа

Мақалада М.Мағауиннің «Шыңғыс хан» деректі тарихи хикаясының бірінші кітабының баяндау ерекшелігі нарратология ұстанымдары негізінде талданады. Зерттеудің мақсаты – шығарманың жанрлық табиғатын, баяндаушы позициясын, дерек пен көркемдік арақатынасын, фокализация мен мекеншақ қызметін айқындау. Хикаяда баяндау тарихи ақпаратты тізбектеумен шектелмей, оны сұрыптау, салыстыру, түсіндіру және бағалау арқылы авторлық пайым қалыптастырады. Осы тұрғыдан баяндаушы бейтарап хабаршы емес, тарихи танымды бағыттайтын зерттеуші субъект ретінде көрінеді. Мәтінде «авторлық біз» формасының қолданылуы, сұрақ қою, дәлел ұсыну, жоғалған немесе күмәнді деректерге қатысты пікір білдіру сияқты тәсілдер метабаяндау элементтерін күшейтеді. Шығарманың композициясы да классикалық оқиғалық желіге емес, тарихи мәселені кезең-кезеңімен ашатын дәлелді құрылымға негізделген. Туындыда дерек, интерпретация және көркемдік амал өзара тұтасып, оқырман қабылдауын ұйымдастыратын күрделі баяндау құрылымын жасайды. Сондықтан шығарма қазақ тарихи прозасындағы деректі хикая жанрының нарратологиялық мүмкіндігін танытатын маңызды туынды ретінде бағаланады. Зерттеуде нарратордың тарихшы-дерекші, түсіндіруші, бағалаушы және әңгімеші қызметтері жіктеліп, олардың мәтін ішіндегі көрінісі нақты мысалдармен айқындалады. Макросюжет деңгейінде шығарма Шыңғыс хан дәуірін туғызған өркениеттік, этникалық және саяси кеңістікті құраса, микросюжеттер аңыз, реплика, мінездеу және символдық детальдар арқылы негізгі ойды тереңдете түседі. Зерттеу нәтижелері қазақ тарихи прозасындағы деректі жанрды нарратологиялық тұрғыдан талдауға, авторлық модальділік пен дерек ұйымдасуының ұлттық әдебиеттегі қызметін тануға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ильясова, Г. ., Әлтай, А. ., & Рахымбаева, Г. . (2026). М. МАҒАУИННІҢ «ШЫҢҒЫС ХАН» ДЕРЕКТІ ТАРИХИ ХИКАЯСЫНДАҒЫ БАЯНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1277