ҚАРАТАУ ӨҢІРІ ОЙКОНИМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • Б.М. Тлеубердиев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6285-5579
  • О.М. Ағабеков М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-2222-1736
  • Р.Е. Ерметова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-5923-7186

Кілт сөздер:

Қаратау өңірі, ономастика, ойконим, құрылымдық талдау, семантикалық мазмұн, лексикалық ерекшелік, лингвомәдениет

Аңдатпа

Мақалада Қаратау өңірінің ойконимдерінің құрылымдық сипаты мен семантикалық мазмұны жан-жақты зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты –  Қаратау өңірі ойконимдерінің құрылымдық жүйесі мен лексика-семантикалық ерекшеліктерін айқындау, олардың жасалу жолдары мен мағыналық сипатын талдау арқылы өңір топонимдерінің қалыптасу ерекшеліктерін көрсету. Ойконимдер – бұл географиялық нысандарды атауға арналған тілдік бірліктер, олар халықтың дүниетанымы, тарихи оқиғалары, табиғатқа көзқарасы мен мәдени тәжірибесін бейнелейді. Зерттеу барысында Қаратау өңірі ойконимдерінің жасалу тәсілдері анықталып, олардың синтетикалық (жұрнақ арқылы), аналитикалық (біріктіру, тіркестіру) және лексика-семантикалық тәсілдер негізінде қалыптасқаны айқындалды. Зерттеу барысында жүйелеу және классификациялау, құрылымдық-семантикалық талдау, сипаттау (дескриптивтік) әдісі және статистикалық әдістер кешенді түрде қолданылды. Аталған әдістер Қаратау өңірі ойконимдерінің құрылымдық ерекшеліктерін айқындауға, мағыналық уәждерін ашуға, сондай-ақ олардың қалыптасу заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан саралауға мүмкіндік берді.

Зерттеу материалдары ретінде Қаратау өңірінде қолданылатын 188 ойконим талданып, олар келесі топтарға бөлінді: антропоойконимдер (кісі есімдері негізінде) – 26 атау, түр-түс атауларына негізделген ойконимдер – 49, гидрографиялық ойконимдер – 21, фитонимдік ойконимдер – 27, орографиялық ойконимдер (тау, төбе, жота және т.б.) – 23, сондай-ақ қоғамдық-тұрмыстық және әлеуметтік мәнге ие атаулар – 42.

Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі ономастикалық зерттеулерге теориялық негіз береді. Қаратау өңірінің ойконимдеріне жүргізілген құрылымдық және семантикалық талдау олардың тарихи, мәдени және әлеуметтік мәнін аша отырып, қазақ тілінің ономастикалық жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тлеубердиев, Б. ., Ағабеков, О. ., & Ерметова, Р. . (2026). ҚАРАТАУ ӨҢІРІ ОЙКОНИМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1265