ТІЛДІ ТИІМДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН СМАРТ БІЛІМ АЛУ ОРТАСЫН ЖОБАЛАУ


Қаралымдар: 11

Авторлар

Кілт сөздер:

смарт технология, смарт оқыту, тіл үйрену, тиімді оқыту ортасы, оқыту, студенттер

Аңдатпа

Белгілі бір тілді нақты, айқын, жалпы этикалық түрде меңгеру жолында әртүрлі жаңа түсініктер мен идеялар пайда болды. Білім берудің қазіргі күйінде студенттер, оқытушылар және алып жатқан білім басқа әдіске ауысып, білім алуда смарт оқыту оңтайлы әдістердің біріне енуде. Бұл ұғым смарт құрылғылар мен технологияларды қолдану арқылы цифрлы ресурстарға қол жеткізумен жүзеге асырылады. Зерттеуде білім беруде қолданылатын жаңа технологиялар және олардың түрлері, дәстүрлі оқытудан артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәліметтер қамтылды. Смарт оқыту қазіргі таңда өте өзекті оқыту түрлерінің бірі, әсіресе 2020 жылғы пандемия кезінде оқытудың жаңа идеясы ретінде үлкен назарға ілінді. Осыған орай, тіл оқытуда смарт технологиялар өте өзекті мәселеге айналды. Сонымен қатар, берілген зерттеуде оқыту процесінде кездесетін цифрлы технологияларды қолдану кезіндегі оқыту технологияларының бөлімдері талқыланды және оқытушылардың жаңа технологиялармен қарым-қатынасын құру негізінде қолданылатын зерттеу әдістері баяндалды. Смарт білім беру барысында оқыту мақсатына жетуге көмек болатын технологиялар жайлы талқыланды. Сонымен қатар, смарт технологияларға байланысты тұжырымдар мен оқытудың тиімділігін арттыратын жаңа технологиялар сипатталды.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Уәлиханова G. ., & Бектемирова S. . (2026). ТІЛДІ ТИІМДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН СМАРТ БІЛІМ АЛУ ОРТАСЫН ЖОБАЛАУ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1255