Қазақ прозасындағы әлемнің көркемдік моделі
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
көркем әлем моделі, ұлттық космос, автор, руханилық, дәстүр, мифАңдатпа
Мақалада әлемнің көркем моделінің феномені қазақ прозасындағы ұлттық руханияттың көркем ойлаудың жүйеқұраушы бастауы ретінде қарастырылады. Авторлар руханилықтың ұлттың өзін-өзі тану өзегі болып табылатынын, жеке тұлғаның дүниетанымдық көрсеткіштерін анықтайтынын және көркем мәтінде ең толық көрініс табатынын негізге алады. XIX ғасырдың соңы мен қазіргі заман аралығындағы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Оралхан Бөкей және Мұхтар Мағауин шығармаларының материалында қазақ халқының рухани-адамгершілік және эстетикалық түсініктерінің эволюциясын көрсететін әлемді модельдеудің ерекшеліктері талданады. Зерттеудің методологиялық негізі М.М. Бахтин мен Г.Д. Гачевтің еңбектері болды, онда «әлем моделі» ұғымы болмысты көркемдік тұрғыдан түсінудің тәсілі ретінде, сондай-ақ герменевтикалық, тарихи-функционалдық және салыстырмалы-тарихи тәсілдердің сипаты ашылады. Көрсетілгендей, қазақ әдебиетіндегі көркем әлем моделі дәстүр мен жаңашылдық диалектикасы контекстінде қалыптасады, мұнда жеке авторлық дүниетаным ұлттық ұжымдық санамен диалогқа түседі. Талдау нәтижелері ұлттық көркемдік әлем моделі негізінде руханилық, мораль және мифологиялық дүниетаным категориялары жатқанын дәлелдеуге мүмкіндік береді, олар құндылықтардың сабақтастығын және этникалық бірегейлікті сақтауды қамтамасыз етеді. Миф әмбебап мәдениет коды ретінде әдеби әлемді моделдеуінің маңызды құрылымдық элементі болып табылады, ол тарих пен қазіргі заманның уақыттық қабаттарын біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша, қазақ прозасы XX – XXI ғасырларда бірегей көркем парадигманы көрсетеді, онда философиялық-этикалық, діни және мифологиялық бастаулардың синтезі ұлттық космостың тұтас бейнесін қалыптастырады, ол Қазақстан мәдениетінің әмбебап гуманистік бағдарларын сипаттайды.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




