Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Қаралымдар: 228 / PDF жүктеулері: 123
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-225-240Кілт сөздер:
Әбіш Кекілбаев, проза, роман, жанр, тақырып, идея, көркемдікАңдатпа
Мақалада көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының идеялық-көркемдік ерекшеліктері пайымдалады. Жазушының шығармашылығында өзінің жаңашылдығымен назар аудартқан бұл шығармасы автордың кейіпкер бейнесін ашуда оның ішкі әлеміне терең бойлау арқылы жан-дүниесін асқан көркемдікпен танытқан туынды болды. Кезінде әдебиетімізде жаңалық болған жазушы шығармаларындағы авторлық баяндау мен кейіпкер сөзі, ой-танымы, ішкі жан әлемінің жай-күйі астасып жататын «тоғыспалы стиль» сипаттары жазушының аталмыш романының мысалында қарастырылады. ХХ ғасыр философиясындағы адам тіршілігінің алуан сырына ден қоятын экзистенциализм ағымының романның дүниетанымдық концепциясына әсерін байқауға болады. Адамның ішкі жан дүниесіне бойлай отырып, тіршілігінің бірегей мәнін ұғынуға деген талабын психологиялық тұрғыдан рухани-эмоционалдық болмысын бейнелеу арқылы көрсету әлем жазушыларының назарын аударған болатын. Адамның жеке өміріне, олардың сезім әлеміне, айналасында болып жатқан оқиғаларды қабылдау ерекшеліктеріне көңіл аударатын модернистік әдебиеттегі ой-таным, әсер, жан әлемінің қозғалыстарын «сана ағымы» арқылы бейнелеу жазушының поэтикалық мәнерінен айқын көрінеді. Романның идеялық-көркемдік сипаттары автордың даралық стиль ерекшеліктері арнасында талданады. Шығармалардағы тіл көркемдігі, психологиялық талдау арналары назарда ұсталып, автордың көркемдік ұстанымына баға беріледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




