Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесін оқытудың тиімді әдістері
Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-343-358Кілт сөздер:
қазақ прозасы, көркем әдеби шығарма, ұстаз, мұғалім, тәрбие беру, эстетикалық тәрбие, көркем бейне, оқыту әдістеріАңдатпа
Мақалада қазақ прозасындағы ұстаз бейнесін оқытудың жаңаша әдістері қарастырылады. Көркем прозалық шығармалар арқылы жастар мен ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздың орны анықталып, оның қазақ прозасындағы көркем бейнеленуі қарастырылуы тақырыпты өзектендіре түседі. Жас ұрпаққа білім беруші ұстаздың ұлы тұлғасын көркем шығармалар арқылы оқытудың мән-мазмұнын талдай отырып, ұғымның анықтамаларына жан-жақты талдау жасалады. Зерттеудің мақсаты – ұстаз бейнесін анықтайтын шығармалар арқылы студенттерге тәлім-тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау. Қазақ дүниетанымындағы «ұстаз», «тәрбиеші» ұғымдарына тоқтала отырып, ұғымның қазіргі қоғамдағы рөлі мен көркем шығармалардағы рөлінің ара жігі ажыратылады.
Зерттеудің жаңалығы – қазақ тілін оқыту әдістемесінде қазақ жазушыларының ұстаз бейнесін сомдаудағы тақырыптық идеялары мен ізденістеріне талдау жасала отырып, оның тиімді оқыту әдістерін қарастырылды. Мақалада қазақ прозасындағы ұстаз бейнесін оқыту, оның рухани-этикалық және эстетикалық болмысын қарастырудың әдістемесі алғаш рет тәжірибеде тексеріліп талданды. Зерттеу нәтижелерін әдебиет пен қазақ тілін оқыту әдістемесінде, тіл мен тәрбиені ұштастыруда студент жастарды эстетикалық тәрбие беру ісінде қолдануға мүмкіндіктер бар.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




