Тілдік санадағы отансүйгіштік сезімінің репрезентациялануы
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 47
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-19-36Кілт сөздер:
отансүйгіштік, мәтін, тіл, цифрландыру, іріктеу, бейімдеу, құзыреттілікАңдатпа
Мақалада тілдік сананы қалыптастыруда отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мәселесі, мәтіндерді іріктеу, бейімдеу қарастырылады. Адресат пен адресант арасындағы коммуникация ауызша және жазбаша түрде өтетін болғандықтан, мәтін тудыра алатын сана даярлау бүгінгі жаңа Қазақстан үшін өте өзекті. Бастауыш сынып оқушысы өз жасына сәйкес қажетті лексикалық бірліктер мен оларға тән грамматикалық тұлғалар мен функционалды стильдерді мүмкіндіктерінше қолдана алады. Осыған қарап, тілдік сананы философиялық, психологиялық және әлеуметтанымдық т.б. тұтас ғылым салаларында қолданылатын пәнаралық термин деп білеміз. Тілдік сана қалыптастырудың бастауыш сыныпта отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндерді игертуде, азаматтық құзыреттілікті меңгертуде басты қажетті құрал екендігі мақалаға арқау болған. Бұл мақала отансүйгіштік сезімнің тілдік сана қалыптастыруға арналған зерттеу шеңберінде бекітілген тақырыпты негізге ала отырып әзірленген. Ғылыми мақалада тілдік сананы қалыптастыруда отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндерді іріктеп, бейімдеп, цифрландырып пайдалану қажеттігі айтылған. Мәтіндерді іріктеп, бейімдеп, цифрландыру мақсаты – балалардың жас ерекшелігіне, қабылдауына байланысты туындаған тәсіл. Тілдік санаы қалыптастыру баланың кішкентайынан басталу керек. Жас-жасқа бөліп, барлық сынып-сынып бойынша тілдік тұлғаның қалыптасуына назар аудару керек. Осыған дейін тілді структуралық тұрғыдан оқытып, лингвистикалық білімді құрылымдық тұрғыда беруді көздеген жүйе болды. Бүгінде қазақ тілі функционалды аспект тұрғысынан зерделеніп жатқан шақта, мәтін арқылы тілдік сана қалыптастыру, сонымен қатар отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндерді бейімдеп беру ұсынылып отыр.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




