Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романындағы зиялы батыр типі және оның рухани-адамгершілік әлеуеті


Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 47

Авторлар

  • Ж.Б. Ибраева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1487-5513
  • Д.Х. Байдрахманов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9192-6268

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-211-224

Кілт сөздер:

роман, қаһарман типі, образ, характер, кейіпкер, ұлттық құндылықтар

Аңдатпа

Бұл мақалада әдебиет тарихына (отандық жазушылардың шығармашылығы, І. Есенберлиннің романдары) және теориялық мәселелерге (тип, типтілік, характер және т.б.) қатысты сұрақтар қарастырылады. Қазақ интеллигенциясының генезисі бойынша материалдар жинақталып, ұсынылған, ұғымның анықтамасы беріліп, қазіргі заманғы түсіндірмеде оның мәні ашылған. Мақалада интеллигенция тақырыбына жүгінген қазақстандық әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, ұлттық сананың бастаулары мен қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы зерттелген. Ілияс Есенберлин романының мазмұны мақалада көтерілген тақырып тұрғысынан талданып, интеллигент-қаһарманның екі негізгі типі анықталған. Есенберлин шығармашылығындағы маңызды доминанта – бұл қоғамдық-әлеуметтік құндылықтардың субъективті қайнар көзін интеллигент-қаһарманның рухани және практикалық өміршеңдік үдерісі түрінде бекіту. Дәл осы аспект зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді, ол рухани құндылықтармен, дүниетаныммен, интеллигенцияның рөлімен, миссиясымен байланысты. Зерттеу пәні – интеллигент-қаһарман типі, ал зерттеу нысаны – роман қаһарманының рухани-адамгершілік әлеуеті. Мақсаты – Ілияс Есенберлиннің «Қатерлі өткел» романындағы интеллигент-қаһарманның типі мен рухани-адамгершілік әлеуетін анықтау, «тип-типтілік» әдебиеттану ұғымдарын ашып көрсету, интеллигенцияның генезисі мен мәндік сипаттарын айқындау. Мақала материалдарының практикалық маңыздылығын, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған пәндерде, әдеби өлке тану бойынша арнайы семинарларда және басқа да тәжірибелік қолдану мүмкіндіктерін атап өткен жөн.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибраева Z. ., & Байдрахманов D. . (2025). Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романындағы зиялы батыр типі және оның рухани-адамгершілік әлеуеті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 153(4), 211–224. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-211-224