Қожа Ахмед Ясауи «Хикметіндегі «жады» мәдени лексемасы арқылы енген «лексикалық жаңалықтар»
Қаралымдар: 283 / PDF жүктеулері: 181
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-8-18Кілт сөздер:
мәдени лексика, таным, «жады», мәдени код, ұлттық код, рухани құндылықАңдатпа
Бұл жұмыста орта ғасырдың көрнекті тұлғасы Ясауи «Хикметтеріндегі» «жады» тілдік бірлігін талдауды мақсат етеді. Мәдени лексика ұғымына түсінік беріліп, рухани құндылығымыздың қайнар көзі, діни түсінік арқылы халықтың танымына тартымды түсіндірген Ясауи «Хикметтеріндегі» қолданыс жиілігі назарға алынып, әрбір танымдық тілдік бірлікке жеке талдаулар жүргізу қажет деп танылады. Зерттеу жұмысы лексика-семантикалық, когнитивтік бағытта орындалған. Р.Сыздықованың «Ясауи «Хикметтерінің тілі» монографиясындағы Самарқанд (Залеман) қолжазбасының транскрипцияланған нұсқасы бойынша «жады» мәдени лексикасын талдауға ден қойылады. Тарихи кезеңдерге байланысты қолданыстағы мағынаның кеңеюі жолында жаңа мағынаның пайда болуы, «аэлогизм» және «неолексизм» үдерісі жайлы тоқталады. «Жады» тілдік бірлігінің Ясауи тілінде әртүрлі қолданылуын қарастырады. «Мәдени код», «ұлттық код», «мәдени лексика», «лексикалық жаңалықтар», «мәдени лексикон» терминдеріне түсіндірме береді. Отандық және шетелдік ясауитанушылардың зерттеулерін негізге алады, танымдық тіл біліміндегі сөздік құрамның байыту жолына қызмет ететінін көрсетеді. Аударма мен қолжазбаның арасындағы дыбыстық айырмашылықты тарихи-салыстырмалы әдіспен түсіндіреді. Мақалада Р. Сыздықова, К.С. Алдашева, Ж.А. Жақыпов, т.б. зерттеушілердің пікірлеріне сүйенеді. Мақаланың практикалық маңыздылығы жұмыстың нәтижелерін лексикология, когнитивті лингвистика теориялық курстарда және ясауитануға қатысты семинарда қолдануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




