Көркем мәтін тіліндегі дейксистер мен шегендеуіштер функциялары


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-251-267

Кілт сөздер:

дейксис, шегендеуіштер, мәтін байласымы, есімдіктер, Ұшқан ұя.

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтіндегі байласымдылықты қамтамасыз ететін прагматикалық құралдар – дейксистер мен шегендеуіштердің құрылымдық және семантикалық қызметтері қарастырылады. Көркем мәтіндегі дейксистік және шегендеуші құрылымдардың ерекшеліктері Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы негізінде талданып, зерттеу барысында лингвистикалық, прагматикалық, когнитивтік және стилистикалық тәсілдер арқылы дейксис элементтерінің мәтін ішіндегі референциялық байланыс орнатудағы рөлі, ал шегендеуіштердің логикалық және эмоциялық байланыс тудырудағы қызметі айқындалады. Өйткені эмоционалды дейксис мысалдары эмоциялық қатыстылық деңгейінің прагматикалық мәнін қалай өзгерте алатынын көрсетеді.  Көркем мәтіндегі тұлғалық, уақыттық және кеңістік дейксистердің қолданысы оқырман мен мәтін арасындағы интеракция қалыптасады.  Ал шегендеуіш құрылымдар болса, сөйлемдер арасында  себеп-салдарлық, қарсылықты және эмоциялық байланыстар тудырады. Зерттеу нәтижелері қазақ мәтінтануындағы байласым мен прагматикалық әсердің көркемдік-поэтикалық құрылымын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мухамеджанова, А. ., Мухамеджанова, Г. ., & Толысбаева, Ж. . (2025). Көркем мәтін тіліндегі дейксистер мен шегендеуіштер функциялары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 153(4), 251–267. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-251-267